АҚШ доллары әлемдік валюта мәртебесінен айырылуы мүмкін

АҚШ-та мемлекеттік қарыз бойынша дефолт болуы мүмкін. Мұндай қауіптің барын Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді.

Айтуынша, дефолтты болдырмас үшін Конгресс жалпы көлемі 28 триллион 4 миллиард доллардан берешек шегін көтеруі тиіс. Әрі бұл шешімді 18 қазанға дейін қабылдап үлгеру қажет. Сондай-ақ Байден мемлекеттік қарыз көлемінің шегі көтерілмесе, АҚШ Қаржы министрлігінің құнды қағаздарының қауіпсіздігіне қатер төніп, доллар әлемдік қор валютасы ретіндегі мәртебесінен айырылып қалуы ықтимал екенін де ескертті.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Түсініңіздерші, мемлекеттік қарыз алуды ұзартудың басты себебі Трамп әкімшілігінің жасап кеткен қателіктерінен болып отыр. Яғни, сол кездегі салық саясатының дұрыс орындалмағаны дер едім. Бұрыңғы әкімшілік өздеріне берілген 4 жылдың ішінде мемлекеттік қарызға қосымша 8 триллион долларды қосты. Демек, республикалықтар бізге көмектескісі келмесе онда Демократтардың жолында тұрмай, жай ғана кедергі келтірмеңіздер деп сұраймыз. Елімізді сақтап қалғыларыңыз келмесе, жағаласпаңыздар.