Ұлыбританияда жанармайға деген сұраныс тұрақталды   

Ұлыбританияда жанармайға деген сұраныс тұрақталды   

Ұлыбританияда жанармайға деген сұраныс тұрақталды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

Елдің көп бөлігінде жанармай мен дизельдік отын қоры жеткілікті. Десе де, кейбір өңірде әлі де тапшылық байқайлады.

Тақауда Ұлыбританияда жанармай дағдарысы туындаған. Өйткені Брекзит салдарынан тасымалдаушы жүк көлігінің жүргізушілері жетіспей жатыр. Сондықтан жанармай іздеген тұрғындар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр болды. Билік мәселені шешу үшін әскерилерді тартқан. Қазір жауынгерлер жүк көлігіне отырып, жанармай тасумен айналысып жүр. Мәселені шешу үшін корольдікте жүк көлігінің жүргізушілері үшін виза беру мәселесі жеңілдетілді. 

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Біз жүк көлігінің жүргізушілеріне 5 мың виза бере аламыз. Алайда осы күнге дейін тек 127 өтініш қана келіп түсті. Бұл жұмыс күші тапшылығы мәселесінің қаншалықты өршіп тұрғанын көрсетеді. Ол тек біздің елдегі мәселе ғана емес. Бұл жаһандық проблема.