Британияның арнайы өкілі тәліптермен кездесті

Британияның арнайы өкілі тәліптермен кездесті

Ұлыбританияның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Саймон Гросс Кабулда тәліптермен келіссөз өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл корольдіктің ресми өкілінің «Талибан» билікті басып алғалы қозғалыс басшыларымен алғаш жүздесуі. Басқосуда тараптар лаңкестік, дағдарыспен күрес, елдегі аз ұлттар мәселесі және әйел құқықтарын талқылаған. Тәліптер дипломатиялық қатынас мәселесін де сөз еткен.

Еске сала кетейік, тәліптер тамыздың 15-і күні Ауғанстандағы билікті басып алғалы көп елдер өз елшіліктерін жауып, дипломаттарын шұғыл көшіріп алып кеткен болатын.