Ауғанстандағы діни мектепте болған жарылыстан жеті адам көз жұмды

Ауғанстандағы діни мектепте болған жарылыстан жеті адам көз жұмды
Радио Sputnik

Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясында орналасқан діни мектепте жарылыс болды.

Оқиға салдарынан жеті адам қаза тауып, 15-тен астамы зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті қауіпсіздік органдары мәлімдеді.

Ауғанстанның уақытша үкіметінің ішкі істер министрлігінің ақпарынша, діни мектепте қолдан жасалған граната жарылған.