Тәліптердің қоластындағы Ауғанстан гуманитарлық көмек есебінен күн көрмекші

Тәліптердің қоластындағы Ауғанстан гуманитарлық көмек есебінен күн көрмекші

«Талибан» үкіметі мен АҚШ Катарда өткен келіссөз нәтижесінде Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімге келді.

Вашингтон сондай-ақ Ауғанстандағы қайырымдылық ұйымдарға қолдау көрсетуге уағдаласты. Бірақ тәліптер гуманитарлық көмек ешқандай саяси талапсыз жүзеге асу керек деген шарт қойып отыр. Басқосуда тараптар саяси мәселелерді талқылап, дипломатиялық қарым-қатынасты жақсарту үшін алдағы уақытта да кездесу ұйымдастыруға келіскен.

Айта кетейік, бұл «Талибан» радикалды қозғалысы үкіметі делегациясының шетелге алғашқы сапары. Кейбір  ақпаратқа қарағанда тәліптер алдағы уақытта Еуроодақпен де осындай келіссөз өткізуді жоспарлап отыр.