Татарстанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың жеке бас мәліметтері  анықталды

Татарстанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың жеке бас мәліметтері  анықталды
bbc.com

12 мәйіт туыстарына берілді, деп хабарлайды Хабар 24 Риа Новости-ге сілтеме жасап. 

10 қазан күні таңертең  ұшу клубының жеңіл моторлы L-410 ұшағы Татарстанның Мензелин ауданына апатты жағдайда қонды. Оның бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болды. Зардап шеккен 6 адам құтқарылып, барлығы ауруханаға жатқызылды. 16 адам қаза тапты.

Оқиға орнында тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі және әуе көлігін пайдалану ережелерінің бұзылғандығы анықталды. Салдарынан бірнеше адамның өліміне алып келу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа дейін экипаждың сол жақтағы қозғалтқышы істен шыққаны анықталды. «Бір күн ішінде 16 адам қаза тапты. 12 мәйіт туыстарына берілді», - деді төтенше жағдайлар қызметінің өкілі. Сондай-ақ ол Татарстандағы жерлеу орнына қаза тапқан 4 адамның  мәйітін жеткізу жоспарланғанын айтты.