Ғалымдар жүрекке арналған әлемдегі ең кішкентай аппарат жасап шықты

Ғалымдар жүрекке арналған әлемдегі ең кішкентай аппарат жасап шықты

Неміс ғалымдары жүректің қан айналымын жақсартатын әлемдегі ең кішкентай құрылғы жасап шықты.

Диаметрі – небәрі 3 милиметр. Ал жүрек ішінде көлемі 7 миллиметрге үлкейеді. Соның арқасында адам жүрегіне жасалатын операциялар әлдеқайда жеңілдей түседі, дейді мамандар. Себебі құрылғының көлемі кішкентай болғанына қарамастан, ол минутына 5 литрге дейін қан айдай алады. Яғни, жүректі толыққанды қан айналымымен қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, бұл құрылғыны жасауға ғалымдар 20 жылын сарп еткен.