Швеция тұрғындарына мерзімі өтіп кеткен екпе салынған

Швеция тұрғындарына мерзімі өтіп кеткен екпе салынған

Швецияда вакциналауға қатысты жанжал шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 100-ден аса тұрғынға мерзімі өтіп кеткен екпе салынған. Дені – 12-15 жас аралығындағы жеткіншектер. Олар жарамдылық мерзімі 11 күннан асып кеткен препаратты қабылдапты. Мамандар бұл жағдай балалардың денсаулығына кері әсер етпей ме деп алаңдап отыр. Сондықтан осы мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрлігі вакцина өндіруші компанияға сауал жолдаған.