Үндістанда табиғи апат құрбандарының саны тағы артты

Үндістанда табиғи апат құрбандарының саны тағы артты

Үндістанда су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 26-ға жетті.

Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі хабарлайды. Марқұмдардың арасында 5 бала бар. Билік өкілдері апат құрбандарының саны тағы артуы мүмкін дейді. Мәселен, ондаған адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында.

Естеріңізге салайық, Керала штатында бірнеше күн қатарымен жауған жауын тасқын мен лай көшкініне ұласты. Апаттан ондаған ғимарат пен көліктер қирады. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.