Еуропаға жеткізілмек болған бес тоннадан астам есірткі тәркіленді

Еуропаға жеткізілмек болған бес тоннадан астам есірткі тәркіленді

Португалия мен Испанияның тәртіп сақшылары құны 200 млн еуроға бағаланған 5 тоннадан астам кокаин тәркіледі.

Бұл – соңғы 15 жылда анықталған ең ірі есірткі тасымалы. Заңсыз тауар Атлант мұхитындағы кемеде жасырынған. Мамандар 200 қап есірткінің Еуропаға жеткізілуі тиіс болғанын айтады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары 3 күдіктіні қолға түсірді. Оның екеуі Испания азаматы, ал біреуі Перу тұрғыны екені анықталды.