«Талибан» қозғалысы Мәскеуде келіссөз өткізеді

«Талибан» қозғалысының өкілдері бүгін Ресей астанасында келіссөздер өткізеді. Кездесуде тараптар қауіпсіздік мәселесін ортаға салмақ. Сондай-ақ инклюзивті үкімет құруға және Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу шараларын қабылдауға қатысты жайттар талқылануы тиіс. Ауған делегациясын уақытша үкімет басшысының орынбасары Абдул Салам Ханафи бастап бармақ. Ал Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров өкілдік етеді.

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

- Біз оларды билікке келген кезде жасаған мәлімдемелерін орындауға шақырамыз. Атап айтқанда, инклюзивті үкіметті тек этникалық принцип бойынша ғана, сонымен бірге саяси сенім негізінде құруға үндейміз. Ал талибан билігін ресми мойындау туралы әлі ешқандай сөз қозғалып жатқан жоқ.

Айта кетейін, тәліптер Ауғанстанда билік басына келгелі өзге елдермен белсенді түрде байланыс орната бастады. Бұған дейін қозғалыс мүшелері Қазақстан және Өзбекстан өкілдерімен кездесу өткізген болатын.