Оңтүстік Африкада жұмыссыз жұрт қараусыз қалған шахталардан алтын қазып жүр

Оңтүстік Африкада жұмыссыз жұрт қараусыз қалған шахталардан алтын қазып жүр
BBC

Оңтүстік Африка Республикасында жұрт қараусыз қалған шахталарға түсіп, алтын іздеп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұның қаншалықты қауіпті екені айтпаса да белгілі. Бірақ жұртта амал жоқ. Пандемия басталғалы жұмыссыздар көбейген. Қазір Лесото, Зимбабве және Мозамбиктен келген заңсыз мигранттар қараусыз қалған шахталарда құрамында алтыны бар құмды аршып, содан түскен нәпақамен күн көреді. Енді Йоханнесбургтегі белсенділер жергілікті биліктен қылмыстың бұл түріне тосқауыл қоюды сұрап отыр. Өйткені заңсыз алтын өндірісі адам өміріне қауіп әрі қоршаған ортаға зиян.