Корея «Нури» зымыранын ұшырды

Корея «Нури» зымыранын ұшырды

Оңтүстік Корея алғаш рет орбитаға өзінің отандық «Нури» атты зымыранын ұшырды.

Тесттік ұшыру Чолла-Намдо провинциясындағы «Наро» ғарыш айлағында жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 17:00-де ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша ұшу уақыты 16 минутқа созылу керек. Зымыран шамамен 700-800 шақырым биіктікке көтерілуі тиіс.

Айта кетейік, отандық зымыран тасығыш 2010 жылдан бері жасалып келген. Шараға Оңтүстік Корея мемлекеттік қазынадан 1,8 млрд доллар қаржы жұмсады. Диаметрі 3,5 метр, ал биіктігі 47,2 метр болатын үш сатылы зымыран орбитаға 1,5 тонна жүк таси алады екен.