Тарихта алғаш рет науқасқа қажетті өкпені дрон жеткізіп берді

Тарихта алғаш рет науқасқа қажетті өкпені дрон жеткізіп берді
hightech.fm

Науқасқа өкпе қажет болса, дрон жеткізіп береді. Тарихта алғаш рет осындай жағдай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Трансплантацияға қажет ағзаны 15 келілік ұшатын құрылғы Канаданың Торонто қаласындағы бір ауруханадан екінші ауруханаға апарды. Науқасқа қажетті өкпе арнайы мұздатқышқа салынады. Оны дрон 6 минутта жеткізген. Бұл көлікке қарағанда 2 есе жылдам. Ғалымдар бұл шараға 2 жыл дайындалып, ондаған сынақ жүргізіпті. Өкпені ауыстыру операциясы да сәтті өткен. 60 жастағы науқас өзін жақсы сезінеді.