Өзбекстан тарихында алғаш рет сотталғандар президент сайлауына қатысты

Өзбекстан тарихында алғаш рет сотталғандар президент сайлауына қатысты

Өзбекстанда өткен президенттік сайлаудың алғашқы қорытындысы бүгін түстен кейін жарияланады. Бұл жөнінде көрші елдің орталық сайлау комиссиясының төрағасы мәлімдеді.

Жалпы кеше өткен саяси науқанда 16 млн-нан астам сайлаушы конституциялық құқығын пайдаланған. Бұл – барлық дауыс берушінің шамамен 80,8 проценті. Бүгін бұлардың қатарына АҚШ-та жүрген Өзбекстан азаматтары да қосылады. Мұхиттың арғы жағындағы сайлау учаскелері ең соңғы болып жабылды. Жалпы орталық сайлау комиссиясының мәліметінше Өзбекстандағы сайлау демократиялық талаптарға сай өтті. Саяси науқанға деген қызығушылық жоғары болды.  

Зайниддин Низамходжаев, Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сайлау барысын бақылау үшін учаскелерге 414 камера орнатылған болатын. Бұл науқаннан 1672 БАҚ өкілі хабар таратты. Тағы 54 мемлекеттен келген 1 мыңға жуық байқаушы дауыс беру үрдісін қадағалады. Тағы Өзбекстан тарихында алғаш рет сотталғандар да ел президентін таңдау мүмкіндігіне ие болды.