Нью-Йорктің «қызға қырындағыш» губернаторы түрмеге қамалуы мүмкін

Нью-Йорктің «қызға қырындағыш» губернаторы түрмеге қамалуы мүмкін

Нью-Йорк штатының бұрынғы басшысы Эндрю Куомо өзімен бірге қызмет еткен әйелдерге қырындаған.

Тергеу оған осындай айып тағып отыр. Яғни экс-губернатор былтыр желтоқсан айында өзінің көмекшісінің омырауына қол тигізген-мыс. Егер кінәсі дәлелденсе 1 жылға дейін бас бстандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторына 11 әйел шағымданған. Осыған байланысты былтыр іс қозғалған. Ал биыл тамыз айында қызметінен кетті. Бірақ Куомо өзіне тағылған айыптарды мойындамайды әрі саяси астары бар деп есептейді.