«Талибан» басқа елдерден өз үкіметін мойындауын талап етті

«Талибан» басқа елдерден өз үкіметін мойындауын талап етті

«Талибан» өз үкіметін АҚШ пен басқа елдердің мойындауын талап етті.

Тәліптер «егер бұл шарт орындалмаса және Ауғанстан активтері бұғаттан босатылмаса, мұның соңы әлем үшін үлкен мәселелерге әкеледі» деп ескертті.

Әзірге «Талибан» билігін ешбір мемлекет ресми таныған жоқ. Қазір ауған елі экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарды бастан кешіп жатыр.

Забихулла Муджахид, «Талибанның» ресми өкілі:

– Біз барлық елдермен, оның ішінде АҚШ-пен де байланыс орнатқымыз келеді. Қарым-қатынас орнату бізде әскери база ашылады дегенді білдірмейді. Олардың бізге түкке қажеті жоқ. Қарым-қатынас – ортақ қажеттілік. Әлемдік қауымдастық Ауғанстанда қауіпсіздік орнағанын шынында қаласа, онда бізді танып, жауапкершілік артсын.

 * Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.