Британияда пойыздар соқтығысып, 12 адам жараланды

Британияда пойыздар соқтығысып, 12 адам жараланды

Солсбери шаһарында екі пойыз соқтығысты. Тунельдің ішінде болған жол апатынан 12 адам жарақат алған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Бристоль қаласына беттеген пойыздың соңғы вагоны шойын жолдан шығып кетіп, екінші пойызға соғылған. Оқиға орнына 50-ге жуық дәрігер мен өрт сөндіруші жетті. Құтқарушылар жолаушыларды терезеден шығарып алған.

Люси Грегори, жолаушы:

- Солсбери вокзалына жақындап қалған едік. Кенеттен пойыз дірілдей бастады. Кейін бір нәрсеге қатты соғылды. Абырой болғанда, терезені сындырып сыртқа шықтық. Өте қорқынышты болды.