Пәкістанда ірі жол-көлік апатынан 22 адам қаза тапты

Пәкістанның Кашмир аймағында автобус апатқа ұшырап, 22 адам опат болды. Олардың арасында 2 бала бар.

Тағы 8 жолаушы жарақат алды. Қазір оқыс оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, Пәкістанның таулы аудандарында жол апаттары жиі тіркеледі. Мамандар «бұған көбіне көліктерде жолаушының шамадан тыс көп болуы мен жүргізушілердің қателігі себеп болады»,– дейді.