Испанияда мигранттар тасымалымен айналысқан 15 адам тұтқындалды

Испанияда мигранттар тасымалымен айналысқан 15 адам тұтқындалды

Испания полицейлері мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Операция барысында 15 адам тұтқындалды. Олар негізінен Азия елдерінен шыққан азаматтарды Балқан түбегі арқылы Еуропалық Одаққа заңсыз жеткізіп отырған. Босқындар адам төзгісіз жағдайда тасымалданған. Жалпы кейінгі бірнеше айда Еуроодаққа 400-ге жуық мигрант заңсыз жеткізілген.