Нигерде содырлар 69 адамды өлтірді

Нигерде содырлар 69 адамды өлтірді
theguardian.com

Нигерде террористер 69 адамды өлтірді, олардың арасында қала мэрі де бар.

Бұл туралы бүгін, 5 қарашада The Guardian хабарлады.

Қаладан 30 шақырым жерде, Мали шекарасы маңында Банибанг қаласының мэрі бастаған делегация содырлардың қақпанына түсіп қалған.

БАҚ мәліметінше, шабуыл кезінде делегация сапындағы 15 адам қашып үлгерген. Ал қаскөйлер іздестіріліп жатыр.

Жалпы, 2021 жылы елдегі содырлар қолынан 530-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Террористердің нысаны көбінесе жергілікті шенеуніктер, соның ішінде қала әкімдері, ауыл басшылары және діни ақсақалдар болады.