Нидерландта ішінара локдаун енгізілді

Нидерландта ішінара локдаун енгізілді

Нидерландта коронавирус төңірегіндегі ахуалдың нашарлауына байланысты ішінара локдаун жарияланды. Ол 3 аптаға созылады.

Локдаунға сәйкес, дәмханалар мен дүкендер кешкі сағат 8-де жабылуы тиіс. Ал спорттық шаралар көрерменсіз өткізіледі.

Айта кетейін, ел үкіметінің мұндай шара қабылдауына вирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюі түрткі болды. Жуырда ғана бұл елде 16 мыңнан аса азаматтан ковид анықталып, тәуліктік рекорд орнаған болатын.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі міндетін атқарушы:

- Эпидемиологтар азаматтардың байланысын мүмкіндігінше азайту керегі туралы кеңес берді. Осылайша инфекцияның таралуын тежеуге болатынын айтып отыр. Себебі қазір вирус бүкіл ел бойынша кеңінен етек жайған.