Джо Байден мен Си Цзиньпин кездесу өткізді

Джо Байден мен Си Цзиньпин кездесу өткізді

Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қашан да бейбіт болу керек.

Тараптар өзара ынтымақтастықты сақтап, халықаралық заңға сәйкес өз міндеттемелерін орындап отыруы шарт. АҚШ президенті Джо Байденмен онлайн форматта өткен кездесуде Қытай елінің көшбасшысы Си Цзиньпин осындай пікірімен бөлісті. Байден де екі елдің мүддесі үшін тиімді салаларды дамыту керек екенін алға тартып, кез келген бәсекелестік мемлекетаралық текетіреске айналып кетпеуі керек деді. 

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:

- Қытай мен АҚШ дамудың маңызды кезеңінде көптеген қиыншылықтарға тап болуда. Әлемнің екі алпауыт экономикасы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты өкілдері болғанымен өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынасты әрдайым дамытып отыруы керек.