Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс болды

Екі жақ та шекара аумағына қосымша ауыр зеңбіректер мен басқа әскери техникалар әкелген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Екі ел бірін-бірі «Шабуылды бірінші бастады» деп айыптап отыр. Бұл туралы «Ассоушейтид Пресс» агенттігінде мәлім болды.

Армян тарапынан бір сарбаз көз жұмып, бірнешеуі жараланған. Тағы 12 -сі тұтқынға түсіпті. Әзербайжан да жараланған сарбаздар барын мәлімдеген. Жанжалға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізген Армения премьер-министрі Никол Пашинян жиынды үнсіз еске алумен бастады.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

– Әзербайжан мен оның жақтастары басқыншылық әрекеттерін жалғастыруда. Беретін бағам біреу: Әзербайжан мен оның жақтастары біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігімізге қол сұқты."

Анар Айвазов, Әзербайжан қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Армения қарулы күштерінің әскери әрекеттерін тоқтату үшін Келбаджар мен Лашын бағытында орналасқан біздің бөлімдер қарсы соққы берді. Қарсы тараптың сарбаздары мен техникаларына зақым келді. Арменияның танкіге қарсы күштері мен миномет талқандалды.