Перуде сұмдық жол апаты болды

Перуде сұмдық жол апаты болды

Жол апатынан 2 адам ажал құшып, тағы 31-і жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Елдің батысында болған қайғылы оқиғаны көшедегі бейнекамера түсіріп алған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, 2 жолаушы автобусын соққан.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккендер арасында 3 бала бар. Қайтыс болғандар 40 пен 50 жас аралығындағы адамдар. Полиция жол апаты бойынша тергеу ісін бастады. 

Хелен Санчес, құрбан болған адамның қызы:

– Біздің елде мұндай сұмдық жол апаттары жиі болады. Полиция мүлде жұмыс істемейді. Жүгенсіз жүргізушілердің кесірінен әлі қанша адам қырылуы керек?