Дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабы жаңа таланттармен толықты

Дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабы жаңа таланттармен толықты

Дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабы күні бүкіл әлемде түрлі рекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мәселен, британдық гимнаст екі темір арасымен секіру бойынша өз нәтижесін жаңартты. Бұл жолы ол 6 метр қашықтыққа секірген. Ал Қытай тұрғыны екі қолына тұрып, көлікті сүйреген. Сөйтіп 50 метр қашықтықты 1 минуттан астам уақыт ішінде еңсерген. Марокколық азамат жарты минут ішінде бір аяғымен 12 рет сальто жасап, жаңа әлемдік рекорд орнатты.