Украинада алдағы үш жылда 1 млрд тал егіледі

Украинада алдағы үш жылда 1 млрд тал егіледі

Украина алдағы 3 жылда 1 миллиард тал егуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы президент Владимир Зеленский жариялады. Бірақ кейбір ғалымдар аталған жоспарды айтылған мерзім ішінде іске асыру мүмкін емес дейді. Себебі ол орындалу үшін бір секундта 10 ағаш немесе 200 тұқым егіп үлгіру керек. Ал бұл қолдан келмейтін шаруа дейді мамандар. Жалпы Украина аумағының 16 процентке жуығын ормандар алып жатыр. Ғаламды жайлаған климат өзгерісінің теріс салдарына төтеп беру үшін жасыл желек көлемін тағы 4 процентке арттыру қажет. Еуропалық одақ 10 жылда 3 миллиард тал егеміз деп жар салған. Ал швейцариялық ғалымдар ғаламдық жылынудың бетін қайтару үшін кемінде 1 триллион тал егілу керек деп есептейді.

Бохдан Протс, ғалым:

- Президент Зеленскийдің жоспарын іске асыру мүлде мүмкін емес. Бұған уақыт та, кеңістік те мұрсат бермейді. Техникалық тұрғыда бұған ешкімнің шамасы жетпейді.