Автоконцерндер электр кроссоверлердің жаңа модельдерін таныстырды

Автоконцерндер электр кроссоверлердің жаңа модельдерін таныстырды

Әлемдік автоконцерндер электр кроссоверлердің жаңа модельдерін таныстырды.

Айтуынша, Лос-Анджелестегі автосалонда жұрт назарына ұсынылған бұл көліктер «Тесла» компаниясына жақсы бәсеке болуы тиіс. Экологиялық жағынан өте тиімді темір тұлпарларды Корея, АҚШ және Вьетнам елдері өндірген. Көліктердің ең басты ерекшеліктері – олар энергия жұмсау жағынан үнемді және көлемі шағындау.

Майкл Макхейл, компания директоры:

- Тесланың көліктері жақсы сатылып жатыр, жұрт олармен жақын таныс. Біз халыққа балама нұсқа ұсынғымыз келеді, біздің электр көліктеріміз мүлде басқаша.