Пәкістанның шығысындағы тұрғындар түтінге тұншығып отыр

Пәкістанның шығысындағы тұрғындар түтінге тұншығып отыр

Әсіресе Лахор қаласының тынысы тарыла түсті.

Ауаның шектен тыс ластануынан өкпесі зақымданып, ауруханаға түскен науқастар көбейді. 11 миллион халқы бар шаһарда зауыт пен көліктен шығатын түтін қоршаған ортаға залал келтіріп отыр. Сондай-ақ шаруалардың қалдықтарды өртеуі де экологиялық жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Жергілікті тұрғындар билік мәселені шешу үшін ешқандай шара қабылдап отырған жоқ деп наразы.    

Мохаммад, дәрігер:

- Бұған дейін ауруханаға коронавирус және денге безгегімен түскен адамдар көп болған. Енді қаланы түтін тұмшалап, тамақтары ауырған адамдар көбейді. Қазір Лахор әлемде ауасы ең лас шаһарға айналған.