Желтоқсаннан бастап Португалияда шектеулер енгізіледі

Желтоқсаннан бастап Португалияда шектеулер енгізіледі

Әлем бойынша вакциналау деңгейі ең жоғары елдердің бірі – Португалия желтоқсанда коронавирусқа қарсы шектеулерді қайта енгізеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өйткені соңғы дерек бойынша 3 мың 773 науқас тіркелген. Бұл төрт айдағы ең жоғары көрсеткіш. Енді келесі айдан бастап жабық ғимаратта бетпердемен жүруі міндетті болмақ. Сондай-ақ мейрамхана, кинотеатрлар мен қонақ үйлерге кіру кезінде екпе салдырғаны немесе ауырып жазылғаны туралы куәлік көрсетуі қажет. Бұдан басқа вакцина алған азаматтардың өзінен аурухана, қарттар үйі, шарапхана, би кешіне барғанда немесе спорттық іс-шараларға қатысарда тестінің теріс нәтижесі талап етіледі.

Айта кетейік, Португалияда халықтың 87 процентке жуығы вакцинаның 2 дозасын да салдырып үлгерген.

Антониу Кошта, Португалия премьер-министрі:

– Қазірдің өзінде ашық жердің бәрінде бетперде кию міндетті екені белгілі. Сондай-ақ шетелден келген барлық жолаушылардың тестінің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Қабылданған шаралар коронавирусты тежеу үшін қажет.