Жапонияда алты қабатты қойма отқа оранды

Жапонияда алты қабатты қойма отқа оранды
Inform.kz

Қоймадағы алапат өртті 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» TBS телеарнасына сілтеме жасап.

Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысындағы Осака қаласында алты қабатты қойма өртенді. Жалын 10 мың шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт кезінде ғимараттың ішінде 100-ге жуық адам болған, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қоймада оны пайдаланушы компания өкілдерінің бар-жоғын тексеруде.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт ғимарат бөлмелеріндегі бос картон жәшіктерінің өртенуінен басталған.