Қытайда электр энергиясын сату жүйесі енгізіліп жатыр

Қытайда электр энергиясын сату жүйесі енгізіліп жатыр

Қытайдың мемлекеттік электр желісі бірлестігі аймақтар арасында электр қуатын сату бойынша тәртіпті жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осылайша билік энергетикалық нарықта баға белгілеуді жеңілдетіп отыр. Бастамаға сай бір провинция өзінің артық электр қуатын өзге аймаққа сата алады. Баға нарықтағы сұранысқа сай белгіленбек. Жел, күн және су ғана емес атом мен көмір энергиясын да сатуға болады. Әзірге жоба тәжірибе түрінде жүзеге асырылып жатыр.

Биліктің мәлімдеуінше, бұл елдегі электр энергиясы тапшылығын шешуге көмектеседі.