Германияда соғыстан қалған бомба жарылды

Мюнхенде екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба жарылып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға теміржол вокзалының маңында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болған. Экскаватор жерді қазып жатқанда, 250 келілік бомбаға тиіп кеткен. Жарылыстан кейін пойыздар уақытша тоқтатылған.

Айта кетейік, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания мен АҚШ ұшақтары Германияға 1,5 миллион тонна бомба тастаған екен. Олардың 15 проценті жарылмаған. Соның салдарынан жыл сайын неміс жерінен 2 тоннадай бомба табылады.