Ирландияда атмосферадағы метанды азайтуға теңіз балдырларын қолданады

Ирландияда атмосферадағы метанды азайтуға теңіз балдырларын қолданады
podarilove.ru

Климатпен күрес жолында Ирландияда да ауқымды тәжірибе қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атмосфераға бөлінетін метан көлемін қысқарту мақсатында шаруалар енді төрт түлікті балдырмен қоректендіреді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, жемге теңіз балдырларын қосу аталған газдың мөлшерін біршама азайтуға септігін тигізетін көрінеді. Бұған дейін Австралия мен АҚШ-та жүргізілген зерттеулер мал жеміне қызыл балдырларды қосу ауаға кететін метанды 80 процентке азайтуға болатынын көрсеткен. Бір кемшілігі, жылы теңізде өсетін бұл өсімдіктердің құрамында озон қабатын бұзатын бромоформдар көп болады екен. Сондықтан Біріккен Корольдіктегі мамандар тек жергілікті су айдындарындағы өнімді пайдалануды шешкен. Өйткені қоңыр немесе жасыл түсті бұл балдырларда бромоформ болмайды-мыс.