Сауд Арабиясы «Sputnik V» вакцинасын салғызғандарға елге кіруге рұқсат берді

Сауд Арабиясы «Sputnik V» вакцинасын салғызғандарға елге кіруге рұқсат берді

Сауд Арабиясы бірінші қаңтардан бастап Ресейдің «Спутник Ви» вакцинасын салдырған азаматтарға елге кіруге рұқсат берді.

Бұл Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға мүмкіндік береді. Сырттан келген азаматтар екпенің екі дозасын да салдыруы тиіс. Сондай-ақ 2 тәулік карантинде болып, ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндеттеледі. Осыған дейін әлемнің 101 мемлекетінің билігі осындай шешім қабылдаған. Яғни «Спутник Ви» препаратын қабылдаған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берген.