Мьянманың мемлекеттік хатшысы төрт жылға сотталды

Мьянманың мемлекеттік хатшысы төрт жылға сотталды

Мьянмада елдің бұрынғы мемлекеттік хатшысы Аун Сан Су Чжи бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының иегеріне жаппай коронавирусқа қарсы тәртіпті бұзды деген айып тағылған.

Еске сала кетейік, Мьянмада биыл ақпан айында әскерилер төңкеріс жасап, төтенше жағдай енгізді. Президент пен мемлекеттік хатшыны қамауға алды. Әскерилер Аун Сан Су Чжиді парламенттік сайлауда жаппай заңбұзушылықтарға жол берді дейді. Содан бері елде толқулар басылмай келеді.