Өзбекстандағы жарылыстан екі адам қаза тапты

Өзбекстанның Денау қаласындағы сауда үйінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға таңғы 4:00 шамасында болған. Жарылыс салдарынан екі қабатты ғимараттың қабырғасы қирап, өрт шыққан.

Еске сала кетейік, ғимарат ішінде болған тоғыз адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Қазір құтқарушылар жарылыс салдарын жойып, іздеу-құтқару шараларын жалғастырып жатыр.

Үкіметтік комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды.