Үндістанда генерал мінген тікұшақ апат болды

Үндістанда генерал мінген тікұшақ апат болды
globallookpress.com

Үндістанның Әуе күштері қорғаныс штабының басшысы генерал Бипин Рават мінген тікұшақ Тамилнад штатында апатқа ұшырады. Бұл туралы ANI агенттігі хабарлады.

Қайғылы оқиға Кунур қаласы маңында болған.

Бортта барлығы 14 адам, олардың арасында генералдың отбасы мүшелері мен оның көмекшілері болған. Әзірге төрт адамның көз жұмғаны белгілі.

Аталған фактіге байланысты тергеу амалдары басталды.