Австралиядағы алапат орман өрті басылмай тұр  

Австралиядағы алапат орман өрті басылмай тұр  

Австралияның оңтүстік батысында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Осы уақытқа дейін тілсіз жау 1000 гектардан астам жерді, жалмап үлгерген. Осыған байланысты ел үкіметі шұғыл ескерту жасап, қауіпті аймақта күн кешіп жатқан тұрғындарды эвакуациялауда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат әзірге жоқ. Басшылық құрғақ желдің әсерінен алапат өртті сөндіре алмай отырғандарын мәлімдеді.

Марк Макгован, Батыс Австралия штатының премьер-министрі:

– Маргарет-Ривер өңіріндегі орман өрті өте қауіпті. Сондықтан бәріңізді мамандардың нұсқаулығына құлақ асып, сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Егер қауіпсіз жерге көшу керек десе, бірден солай жасаңыздар.