АҚШ-та Санта-Клаус жетіспей жатыр   

АҚШ-та Санта-Клаус жетіспей жатыр   

Рождествоға санаулы күн қалды. Көп елде мерекеге қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Былтырмен салыстырғанда вакцина салдырған адам көп. Сондықтан жұрттың Рождествоны әдеттегідей атап өтуге үміті зор. Алайда биыл басқа қиындық туындап тұр. Еуропаға балалардың ең сүйікті сыйлығы – ойыншықтар дер кезінде жеткізілмей жатыр. Ұлыбританияда алкологольді сусындар мен мерекелік үстел үстінде тұратын басты тағамның бірі – күркетауық еті жетіспейді. Ал АҚШ-тағы ахуал тіпті қиын. Мұнда балалардың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл күй сыйлайтын Санта-Клаустар тапшы. Салдарынан өткен жылмен салыстырғанда, қазір оларға деген сұраныс 121 процентке артқан.

АҚШ-та биыл қоғамдық тамақтану және білім беру саласында мамандар жетіспей жатыр. Бәріне пандемия себеп. Енді коронавирус көңіл көтеру саласына да жеткен. Елде Санта-Клаус тапшы. Өйткені кейбіреулері коронавирустан көз жұмған. Енді бірі індеттен қорқып, бұл істен бас тартқан. Себебі әдетте Аяз ата болып жасы үлкен және артық салмағы бар адамдар жалданады. Ал олар осал топқа жатады. Сөйтіп қазір Санта-Клаусқа деген сұраныс 121 процентке артқан. Кейбіреулер бұл мәселені өз бетінше шешпек болды. Мысалы, туыстарын не жақындарын көмекке тартуға тырысып көрген. Алайда мұнда да қиындық туындаған. Өйткені тауарлар дер кезінде жеткізілмей, аяз атаның костюмдері жетіспей жатыр. Бұл киім құнына әсер етті. Қазір АҚШ-та мерекелік костюмнен бөлек Рождествоның басты нышандарының бірі – шырша бағасы да қымбаттаған.    

Стейси Валенсуэла, сатушы:

– Биыл орман өрті мен құрғақшылық қыспаққа алды. Оның үстіне пандемия кесірінен тауарларды жеткізу жағы ақсап тұр. Салдарынан тасымал құны екі есе қымбаттады. Аталған қиындықтарға байланысты қазір шырша бағасы кемі 25 процентке көтеріліп кетті.