Рождествода Еуропаның кішкентай тұрғындары ойыншықсыз қалуы мүмкін   

Рождествода Еуропаның кішкентай тұрғындары ойыншықсыз қалуы мүмкін   

Ал Еуропада Рождество кезінде балаларға ең жиі сыйланатын зат – ойыншық жетіспей жатыр. Мәселе мынада. Пандемия кезінде ойыншықтарға деген сұраныс күрт артқан. Өйткені оларға тек балалар ғана емес, қашықтан жұмыс істеп, үйде отырған ересектер де қызығушылық таныта бастаған. Сөйтіп баға өскен. Еуропаға тауардың бұл түрі әдетте Азиядан жеткізіледі. Алайда көбі арзандағанын ұзақ күтіп, тапсырысты әдеттегіден кеш берген. Салдарынан кәрі Құрлыққа ойыншықтардың көбі Рождестводан кейін жеткізілейін деп тұр. 

Джо Тум, ойыншық дүкенінің қызметкері:

– Пандемия кезінде Лего, Барби, Покемон секілді ойыншықтарға қайтадан сұраныс артқанын байқап отырмыз. Ең қызығы – олардың жартысы балалар үшін алынып жатқан жоқ. Яғни ересектердің өздері де тапсырыс береді. Биыл үстел ойындарына да сұраныс жоғары.