Екі жыл бұрын ғана ажалдан аман қалған рэпер Slim 400-ді атып кетті

Екі жыл бұрын ғана ажалдан аман қалған рэпер Slim 400-ді атып кетті
life.ru

Лос-Анджелесте Slim 400 деген атпен танымал 33 жастағы рэпер Винсент Кохран өлі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24» TMZ-ге сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның мәліметінше, рэперді 9 желтоқсан күні таңертең қала маңында атып кеткен. Жарақат алған Slim 400-ді полиция тауып алған. Рэпер емханаға жеткізілгенмен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың жазында Slim 400-ге он рет оқ атылып, әртіс тірі қалған.