Израиль бірқатар елден рейстің ұшып келуіне тыйым салады

Израиль бірқатар елден рейстің ұшып келуіне тыйым салады

Израиль Ұлыбритания, Дания және Бельгиядан ұшып келетін жолаушылардың елге кіруіне тыйым салады.

Жаңа шектеу 15 желтоқсанда күшіне енбек.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, бұл шара омикрон штамының таралуына тосқауыл қою үшін қажет. Аталған тізімге басқа да мемлекеттер қосылуы мүмкін. Қазір Израильде омикрон жұқтырған 55 адам анықталған. Шетелде жүрген Израиль азаматтарына отанына оралуға рұқсат, бірақ олар карантиннен өтуі тиіс.

Ницан Хоровиц, Израиль денсаулық сақтау министрі:

- Біз әуе кеңістігін жаппаймыз, бірақ әртүрлі елдердегі жағдайды жіті назарда ұстаймыз. Әуежайдағы тәртіпті өзгертеміз. Омикрон келгелі эпидахуал қиындай бастады.