ОАР президентіне ковид жұқты

ОАР президентіне ковид жұқты

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса коронавирус жұқтырып алды.

Бұл туралы мемлекет басшысы кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады. 69 жастағы Рамафоса ел астанасы Кейптаундағы іс-шараға қатысқаннан кейін өзін жайсыз сезінген. Қазір оның жағдайы жаман емес, қорғаныс күштері әскери-медицина қызмет мамандарының бақылауында. Дәрігерлер президент толық вакцина алғандықтан індеттің жеңіл түріне шалдыққанын айтады. Әзірге мемлекет басшысының міндетін вице-президент атқарып жүр.