Үндістанда шабуылдан екі полиция қаза тапты

Үндістанда шабуылдан екі полиция қаза тапты

Үндістанның Кашмир аймағында содырлар шабуыл жасап, екі полиция көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 14 тәртіп сақшысы жарақат алған. Олардың барлығы қазір ауруханада. Қантөгіс болған аумақ қоршауға алынды. Содырлар өңірдегі басты шаһар –Сринагар қаласының маңында полицейлер мінген автобусқа шабуыл жасаған. Осының алдында ғана сақшылар тексеріп-өткізу бекетінде 2 лаңкесті атып өлтірген болатын. Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқан полицейлердің жақындарына көңіл айтты.