Рождество кезінде геймерлерге сыйланатын гаджеттер кешіктіріледі

Рождество кезінде геймерлерге сыйланатын гаджеттер кешіктіріледі

Биыл геймерлердің бірқатары Рождествоға дейін сыйлықтарын алып үлгермей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Бәріне микрочиптердің тапшылығы себеп. Коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер салдарынан оларды жасап шығаратын зауыттар өндіріс қуатын азайтуға мәжбүр болған. Оның үстіне әлемде қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер саны көбейіп, ноутбукке деген сұраныс артқан. Ал оларды жасап шығаруға микрочиптер қажет. Соған байланысты Рождество кезінде ең көп сыйланатын заттар – компьютер, смартфон мен ойын приставкалары тапсырыс берушіге кешігіп жеткізілуі мүмкін.