Армения мен Әзербайжан темір жол қатынасын қайта жандандырады

Армения мен Әзербайжан темір жол қатынасын қайта жандандырады

Екі ел темір жол қатынасына байланысты бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Хабар 24.

Тиісті шешім Брюссельде өткен үшжақты кездесу барысында қабылданған. Оған Әзербайжан президенті, Армения премьер-министрі мен Еуроодақ кеңесінің басшысы қатысқан. Басқосу кезінде Никол Пашинян және Ильхам Әлиев Еуроодақпен, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды талқылады. Өз кезегінде Еуроодақ өкілдері Армения мен Әзербайжанның шекарасын белгілеу мәселесіне көмек көрсететін болды. Алдағы уақытта осы сұрақпен айналысатын уақытша жұмыс тобы құрылады.