Доминиканда ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Доминиканда ұшақ құлады: қаза тапқандар бар
korrespondent.net

Доминикан Республикасының астанасы Санто-Донминго маңында Helidosa компаниясының жеңіл моторлы ұшағы құлады, деп хабарлайды «Хабар 24» Diario Libre жергілікті газетіне сілтеме жасап.

Салдарынан тоғыз адам қаза тапты.

Бар мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Орландо қаласына бара жатқан борт Лас-Америкас әуежайынан ұшып, 14 минут өткен соң қайта қонуға тырысқан. Апаттың себебі анықталуда.