Канадада компаниялардың жұмыс уақыты қысқартылады

Канадада компаниялардың жұмыс уақыты қысқартылады
blogspot.com

Канаданың Квебек аймағында омикрон штамына байланысты компаниялардан жұмысын 50 процентке азайту талап етілді.

Шіркеу мен өзге де діни орындарға адамдар тек ПТР-тестпен кіргізіледі. Провинцияда кейінгі бір күнде 3 мыңға жуық адам вирус жұқтырып алған. Бұл жыл басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Билік ауруханаларда науқастар саны арта ма деп алаңдап отыр.

Франсуа Лего, Квебек провинциясының премьері:

- Дүйсенбіден бастап мейрамхана, дүкен, бар және мәдени-діни орындарға кіретін адамдардың саны шектеледі. Ұжымдық мереке өткізуге тыйым салынып, караоке және би алаңдары жабылады.