Малайзиялық «Боинг» ұшағы апатына қатысты іс аяқталуға жақын

Малайзиялық «Боинг» ұшағы апатына қатысты іс аяқталуға жақын

Нидерланд прокуратурасы 2014 жылы Донецк түбінде малайзиялық боинг ұшағын атып түсіруге қатысты айыпталғандарды өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұшақ апатына үш ресейлік және бір украиналық азаматтың қатысы бары анықталған. Прокуратура бұл адамдар ұшақты атуға тікелей қатыспағанмен операцияны басқарған деп отыр. Айыпталушыларға халықаралық іздеу жарияланған.

Еске сала кетейік 2014 жылы 17 шілдеде Украинаның Донецк облысының әуе кеңістігінде малайзиялық жолаушылар ұшағына оқ жаудырған. Ол Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан. Салдарынан борттағы 298 жолаушының бәрі қаза тапты. Тергеу ұшақты Ресей аумағынан алып келген «Бук» зеңбірек-зымыран кешенімен атқанын анықтаған. Сот 2023 жылдың қаңтар айында аяқталады деген болжам бар.